Авторлардың міндеттері

Ғылыми мақалалардың авторлары мақаланы журналға жариялау үшін ұсынған кезде келесі талаптарды орындауы керек:

Оригиналдылық және плагиат

Авторлар өз еңбектерінің түпнұсқа екеніне көз жеткізуі тиіс. Егер авторлар басқа авторлардың еңбектерін немесе сөздерін пайдаланған болса, бұл сәйкесінше дәйексөзделуі керек. Плагиат әртүрлі формада кездесуі мүмкін: басқа автордың мақаласын өз мақаласы ретінде жариялау, маңызды бөліктерін көшіру немесе өзгертумен беру (дәлелсіз) немесе басқа авторлардың зерттеу нәтижелерін өз жұмысы ретінде көрсету. Плагиат кез келген формада бей-этикалық баспа әрекеті болып саналады және қабылданбайды.

Қайталаған немесе параллельді жариялау

Автор бір зерттеуді сипаттайтын мақаланы бір журналдан артық басылымға жарияламауы тиіс. Бірдей мақаланы бірнеше журналға бір уақытта ұсыну этикалық нормаға қайшы әрекет болып саналады және қабылданбайды. Әдетте, автор бұрын жарияланған мақаланы басқа журналға жариялауға ұсынбауы керек.

Дереккөзді растау

Авторлар басқа авторлардың еңбегін лайықты түрде мойындауы тиіс. Авторлар өз жұмысының сипатын анықтауда маңызды рөл атқарған жарияланымдарға сілтеме жасауы қажет. Жеке сөйлесулер, хат алмасулар немесе үшінші тұлғалармен талқылау арқылы алынған ақпарат дерек көздің жазбаша рұқсатынсыз пайдаланылмауы немесе жарияланбауы керек. Мысалы, қолжазбаларды немесе гранттық өтінімдерді рецензиялау сияқты конфиденциалды қызметтер арқылы алынған ақпарат автордың жазбаша рұқсатынсыз қолданылмауы керек.

Мақалаға авторлық құқығы

Авторлық тек зерттеудің тұжырымдамасына, жобалауына, орындалуына немесе интерпретациясына маңызды үлес қосқан тұлғаларға берілуі тиіс. Зерттеуге елеулі үлес қосқан авторлар бірлескен автор ретінде көрсетілуі керек. Егер зерттеу жобасының кейбір маңызды аспектілерінде басқа адамдар қатысқан болса, олар қатысушы ретінде мойындалуы немесе көрсетілуі тиіс. Автор барлық бірлескен авторлардың дұрыс қосылғанына және қажетсіз тұлғалардың кірмегеніне көз жеткізуі керек. Құжаттың соңғы нұсқасы барлық бірлескен авторлармен қаралып, мақұлданғаннан кейін жариялауға ұсынылуы тиіс.

Ақпаратты жариялау және мүдделер қақтығысы

Барлық авторлар өз мақаласында кез келген қаржылық немесе басқа маңызды мүдделер қақтығысын ашып көрсету керек, бұл олардың мақала нәтижелеріне немесе интерпретациясына ықпал етуі мүмкін. Жобаны қаржыландырудың барлық көздері көрсетілуі тиіс.

Жарияланған жұмыстардағы қателер

Егер автор жарияланған еңбегінде елеулі қате немесе кемшілікті тапса, ол дереу журнал редакторына немесе баспаға хабарласып, мақаланы қайтарып алу немесе түзету үшін байланысуы тиіс. Егер редактор немесе баспа үшінші тараптан жарияланған еңбекте маңызды қате бар екенін білсе, автор дереу мақаланы қайтарып алу немесе түзету, немесе мақаланың түпнұсқалығын дәлелдейтін материалдарды редакторға ұсынуы тиіс.

Loading...