Жарияланым этикасы
Ғылыми басылым Жарияланым этикасы жөніндегі комитет (Committee on Publication Ethics – COPE), Медициналық журналдар редакторларының халықаралық комитеті (International Committee of Medical Journal Editors – ICMJE) сияқты халықаралық ұйымдар белгілеген этикалық қағидаттарды қатаң сақтауға және осы талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін жарияланымдардың жоғары стандарттарын ұстануға міндеттенеді.
Журнал редакциясы ғылыми мақалаларды журналда жариялау үшін іріктеу жөніндегі шешімдерді қабылдауға жауапты болып табылады, сондай-ақ жала жабу, авторлық құқықтарды бұзу және плагиатқа қатысты құқықтық талаптарды бұзатын материалдарды өз қалауы бойынша қабылдамауға құқылы. Редакция ұсынылған қолжазбалардың жариялануға дейінгі кезеңде құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Жарияланым этикасын сақтау мақала авторының да, журнал редакциясының да өз міндеттерін тиісінше орындауын көздейді.
Редакция жасанды интеллект көмегімен генерацияланған мәтіндерді анықтау үшін арнайы құралдарды пайдаланады. Жасанды интеллектіні заңсыз немесе орынсыз қолдану белгілері анықталған қолжазбалар қабылданбайды.
Редакторларға, редакция алқа мүшелеріне және рецензенттерге мақалаларға рецензия дайындау барысында генеративті жасанды интеллектіні пайдалануға тыйым салынады, өйткені ChatGPT және соған ұқсас құралдарды қолдану құпиялылыққа қатер төндіруі және авторлардың өз еңбегіне қатысты зияткерлік меншік құқықтарын бұзуы мүмкін.
