Құрметті ғылыми қауымдастық мүшелері!
Сіздерді «Buketov Language Review» ғылыми журналында мақала жариялауға шақырамыз!
«Buketov Language Review» – лингводидактика және шетел тілдерін оқыту әдістемесі саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін жариялайтын тоқсан сайын шығатын ғылыми-педагогикалық журнал. Журнал педагогика, психология, тілдерді оқыту әдістемесі және лингвистика ғылымдары тоғысында жүргізілген ғылыми зерттеулерді жариялауға бағытталған.
Журналда шеттілдік білім беруді жаңғыртудың теориясы мен практикасының өзекті мәселелері, шетел тілдерін оқыту әдістемесі, тілдік білім беру саласында педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, сонымен қатар, оқыту үдерісіне заманауи цифрлық және жасанды интеллект технологияларын интеграциялау мәселелері талқыланады.
Журнал келесі тақырыптық бағыттарын қамтиды, бірақ солармен ғана шектелмейді:
- Лингводидактика мен шетел тілдерін оқыту әдістемесі;
- Шетел тілдік білім берудегі цифрлық және жасанды интеллект технологиялары;
- Лингвистика және аударматану.
Журналдың мақсатты аудиториясы – шеттілдік білім беру саласында маманданған зерттеушілер мен практиктер қауымдастығы.
Журналдың миссиясы – білім беру саясатының қазіргі үрдістерін, технологиялық прогресті, инклюзивті және қолжетімді білім беру ортасын модельдеуді, сондай-ақ шетел тілдерін оқыту әдістемесіндегі инновацияларды ескере отырып, шетел тілдік білім беру саласында ғылыми-зерттеу кеңістігін дамыту.
Баспагер: «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ
Мекенжайы: 100024, Қазақстан, Қарағанды қ., Университет к-сі, 28
E-mail: glnrsmagulova@gmail.com
Web-site: https://blr.buketov.edu.kz
Бас редакторы: к.п.н, ассоциированный профессор Акбаева Г.Н.
Жауапты хатшы: PhD, ассоциированный профессор Смагулова Г.Ж.
Редакциялық алқа
|
Фарида Паван |
PhD, профессор, Индиана Университеті, Блумингтон, АҚШ. |
|
Дуглас К. Хартман |
PhD, профессор, Мичиган штатының университеті, Ист-Лансинг, Мичиган, АҚШ. |
|
Мустафа Озтюрк Акчаоглы |
PhD, профессор, Кастамону Университеті, Кастамону, Түркия. |
|
С. Абдул Манан |
PhD, профессор, Назарбаев Университеті, Астана, Казақстан. |
|
Ирина Шеленкова |
PhD, профессор, Стамбул Медипол Университеті, Стамбул, Түркия. |
|
Китибаева Альфия Каныбековна |
PhD, қауымдастырылған профессор, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті. |
|
Саржанова Ғалия Байжұмақызы |
PhD, профессор, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті. |
|
Шелестова Татьяна Юрьевна |
PhD, қауымдастырылған профессор, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті. |
Атқарушы редактор: PhD, профессор Г.Б. Саржанова
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. 16.02.2026 ж. № KZ91VPY00141951 есепке қою туралы куәлігі.
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасының баспаханасында басылып шықты.
100024, Қазақстан, Қарағанды қ., Университет к-сі, 28. Тел. (7212) 35-63-16. E-mail: izd_karu@mail.kz
We are pleased to invite you to submit manuscripts of your original research paper in the new journal “Buketov Language Review”.
