Мақалаларды рецензиялау тәртібі
Автор журналда жариялау үшін ғылыми мақаланы ұсыну кезінде «Авторларға арналған нұсқаулықта» белгіленген талаптарға сәйкес мақаланы редакцияға жолдайды.
Жариялауға ұсынылған ғылыми мақалаларды журналдың жауапты хатшысы қабылдайды және тіркейді.
Редакцияға келіп түскен ғылыми мақаланың қолжазбасы журналдың ғылыми бейініне сәйкестігіне, редакция талаптарына және техникалық рәсімдеу ережелеріне сәйкес келуі тұрғысынан бастапқы тексеруден өтеді.
Ғылыми мақала бұрын жарияланбаған және басқа басылымдарда жариялауға арналмаған түпнұсқалық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтуы тиіс. Тақырыптың журнал бейініне сәйкес келмеуі, рәсімдеу талаптарының бұзылуы немесе мәтіннің түпнұсқалық деңгейінің төмендігі анықталған жағдайда мақалаға сын-пікір жазылмай авторларға қайтарылады, бұл туралы авторға тиісті хабарлама жіберіледі.
Редакцияға түскен ғылыми мақаланың қолжазбасы журналдың бейініне, жариялау талаптарына және техникалық рәсімдеу ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан қайтадан тексеріледі. Журнал бейіні мен жариялау талаптарына толық сәйкес келетін мақала қарауға қабылданып, рецензиялауға жіберіледі.
Журнал редакциясында ғылыми мақалалардың қолжазбаларын рецензиялау жарияланатын материалдардың сапасын қамтамасыз ету, ғылыми нәтижелердің дұрыс әрі дәл баяндалуын тексеру, басылымның академиялық беделін және жоғары ғылыми деңгейін сақтау, сондай-ақ ең өзекті әрі практикалық маңызы бар ғылыми жұмыстарды іріктеу мақсатында жүзеге асырылады. Журналда жариялауға ұсынылған барлық материалдар міндетті түрде рецензиялаудан өтеді.
Ғылыми мақала бұрын жарияланбаған және өзге басылымдарда жариялауға арналмаған түпнұсқалық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтуы тиіс.
Журналда жариялауға ұсынылатын ғылыми мақалалардағы түпнұсқалық мәтіннің үлесі кемінде 70% болуы тиіс. Антиплагиат жүйесі арқылы тексеру барысында басқа құжаттардан заңсыз алынған мәтінді жасыру әрекеттері анықталған жағдайда мұндай мақалалар қарауға қабылданбайды. Бұл ретте авторларға мәтіндік құжатта басқа құжаттардан заңсыз алынған мәтіннің бар-жоғын тексеру нәтижелері туралы анықтама жолданады.
Рецензенттерді бас редактор мақала тақырыбына сәйкес зерттеу саласының мамандары қатарынан, жетекші отандық және шетелдік ғалымдар арасынан тағайындайды. Рецензиялау double-blind peer review (қос жасырында рецензиялау) әдісі бойынша жүзеге асырылады.
Рецензент мақаланы тақырыптың өзектілігі мен ғылыми жаңалығы, авторлар қолданған әдістердің негізділігі мен мақсатқа сәйкестігі, алынған нәтижелердің нақтылығы, сондай-ақ мақаланың құрылымы мен баяндау стилі (ағылшын тіліне аударылу сапасын қоса алғанда) тұрғысынан бағалайды. Мақалаға қатысты барлық ескертулер мен ұсыныстар рецензияда ресімделеді. Ғылыми этика қағидаттарын сақтай отырып, рецензенттер ғылыми жарияланымдар этикасына қойылатын талаптарды басшылыққа алады, барынша объективті және бейтарап қағиданы таңдайды.
Рецензент мақаланы жариялау жөнінде төмендегі ұсынымдардың бірін бере алады:
- «Мақала жариялауға ұсынылуы мүмкін» – қолжазбада елеулі ескертулер болмаған, ғылыми зерттеулердің өзектілігі мен түпнұсқалылығы талаптарына толық сәйкес келген жағдайда. Бұл ретте қолжазба журналда жариялауға жоспарланған материалдар тізіміне енгізіледі;
- «Мақала рецензенттің ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес қайта қаралып, түзетілгеннен кейін жариялауға ұсынылуы мүмкін» – бұл жағдайда мақала авторларға түзету енгізу үшін қайтарылады. Қайта қаралған мәтін редакцияға қайта ұсынылғаннан кейін мақала рецензенттің қарауына қайта жіберіледі. Егер рецензент тарапынан елеулі ескертулер сақталған жағдайда, редакция алқасының шешімімен мақала авторға әрі қарай қайта түзету құқығы берілмейді және мақала қайта қабылданбайды;
- «Мақала жариялауға ұсынылмайды» – бұл жағдайда мақала редакция алқасының шешімімен қабылданбайды немесе бір рет қана мүмкін болатын қайта рецензиялауға жіберіледі.
Рецензенттің ескертулерін елемеуді жөн көрген авторға журнал редакциясы жариялаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Сонымен қатар рецензент жарияланым мәтінінде заңсыз басқа авторлардың мәтінін қолданылуын анықтау мақсатында қолжетімді интернет-іздеу жүйелері арқылы қосымша тексеру жүргізуге құқылы.
Мақалаларды рецензиялау мерзімі 3 аптадан аспайды.
Рецензиялар алынғаннан кейін редакция алқасының кезекті отырысында келіп түскен мақалалар қаралып, рецензенттердің қорытындылары негізінде мақаланы жариялау немесе жариялаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылданады.
Мақаланы жариялауға дейінгі баспаға дайындау міндетті болып табылады және ол техникалық редакциялауды, қабылданған рәсімдеу стандарттары мен журналда мақалаларды жариялау қағидаларының сақталуын бақылауды қамтиды. Редакция мақалалардың техникалық түзетулерін авторлармен келіспеуі мүмкін және авторлармен пікірталасқа түспейді.
Жарияланымдарды рецензиялау мақала тіркелген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылуы тиіс. Журналға келіп түскен барлық қолжазбалар ғылыми зерттеу бағытына сәйкес редакция алқасы мүшелерінің біріне немесе редакциялық алқа мүшесінің ұсынымы бойынша тәуелсіз сарапшыға рецензиялауға жолданады.
Рецензент рецензияда мақаланың өзектілігін және журнал тақырыбына сәйкестігін, ғылыми деңгейін, анықталған кемшіліктерді және мақала мәтініне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсынымдарды көрсетеді. Егер рецензияда мақаланы түзету қажеттігі туралы нұсқау берілсе, мақала авторға қайта қаралып, түзетулер енгізу мүмкіндіктері беріледі. Бұл жағдайда редакцияға түскен күн ретінде түзетілген мақаланың қайта тапсырылған күні есептеледі.
Рецензенттерге өздеріне жолданған қолжазбалар авторлардың жеке меншігі болып табылатыны және жария етуге жатпайтын ақпаратқа жататыны туралы ескертіледі. Рецензенттерге мақалалардың көшірмелерін жеке мақсатта пайдалануға рұқсат етілмейді.
Рецензиялау құпия түрде жүргізіледі. Рецензенттің қорытындыларымен келіспеген жағдайда, рецензияланатын жұмыстың авторына рецензия мәтінімен танысу мүмкіндігі беріледі.
Редакция рецензиялау нәтижелері туралы авторға электрондық пошта арқылы хабарлайды.
Рецензенттің пікіріне келіспеген жағдайда мақала авторы журнал редакциясына дәлелді жауап ұсынуға құқылы. Мақала қайта рецензиялауға немесе редакция алқасына келісімге жіберілуі мүмкін.
Рецензиялау аяқталғаннан кейін мақаланы жариялаудың орындылығы туралы шешімді бас редактор, ал қажет болған жағдайда редакция алқасы толық құрамда қабылдайды.
